16 қаң, 2023 сағат 15:18

Ауыл тұрғыны үйдің бесінші қабатына атпен көтерілді – видео

видео кадры

Қарағанды ​​облысы ПД өкілі көпқабатты үйдің бесінші қабатына атпен мінген ер адамның видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес, хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады", - делінген хабарламада.