Ауыл шаруашылығы министрі Маңғыстау облысында құрғақшылық болу ықтималдығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алғаш рет Маңғыстауға жем-шөп қорын құрып жатырмыз. Бұған 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. 200 мың тонна мал азығын сатып алуға дайындалып жатыр", - деді Қарашүкеев.
Ол облыстағы жайылымдардың жақсарғанын айтты.
"Маңғыстау облысында көктем былтырғыдан жаңбырлы өтті. Біз бүкіл кешенді қадағалап отырмыз, қажет болса шара қабылдаймыз", - деп түйіндеді министр.