19 ақп, 2020 сағат 16:35

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына Алматы облысының 21 елді мекені енгізілген

Ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын құруға "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл бағдарламаны халық өте жақсы қабылдады. Ол - Алматы облысы үшін аса маңызды, себебі халықтың 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Бүгін халық алдындағы есепті кездесуінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай деді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімінің айтуынша, аталмыш бағдарлама бойынша былтырғы жылы жеті аудан орталығында ауруханаларды, мектептерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және ауыл іші жолдарын күрделі жөндеуге 6,1 млрд.теңге сомасына 45 жоба іске асырылды. Қазіргі кезде Алакөл, Балқаш, Ескелді, Көксу және Ұйғыр аудандарында бес дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы жылы 21 ауылда жалпы құны 14,4 млрд. теңгеге 37 жоба іске асырылады.

Биылғы жылы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 10,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оған Ақсу, Қарасай, Кербұлақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында жеті саябақты күрделі жөнделіп, 117 аула мен 27 спорт алаңы абаттандырылады, 20 ауылда көше жарығы жүргізілмек.