Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер додасында алғаш рет қос қазақстандық теннисші өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Аружан Сағындықова алғашқы айналымда жарыстың 8-ракеткасы, бельгиялық Софья Костуласпен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық Максим Батютенко турнирді ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды. Теміртау қаласының түлегі бірінші кездесуінде ұлыбританиялық Мэттью Ранкинмен сынға түседі.
Бұл – олардың «Үлкен дулыға» турниріне алғашқы қатысулары.
Матчтар 23 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 07.00-де басталады.