Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон - ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда швециялық- ресейлік жұп басымдылық танытты - 6:4.
Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайырды - 7:5. Сосын үшінші, шешуші сетті жеңіспен тәмамдады - 6:3.
Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.
Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма - Ена Шибахарамен таласады.