Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жуырда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанып, жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы болып үлгерген А.Данилина аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінде сәтті өнер көрсетуде.
Бұл жолы қазақстандық-бразилиялық жұп екінші айналымда чехиялықтар Тереза Мартинцова – Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Беатрис пен Анна 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Олар 1 сағат 39 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
Б.Хаддад Майя мен А.Данилина ширек финалға шығу үшін жарыстың 10-ракеткалары, чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецка немесе испаниялық Алена Большова – норвегиялық Ульрикке Эйкери жұптарының қай жеңгенімен таласады.