Қазақстандық Андрей Голубев аралас сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші украиналық Людмила Киченокпен бірге бастапқы кездесуін хорватиялық Дарья Юрак – үндістандық Рохан Бопаннамен өткізді.
А.Голубев пен Л.Киченок 1:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 4 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалға шығу үшін жапониялық Макото Ниномия – пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен таласады. Осылайша Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан А.Голубев пен жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина ғана қалды.