19 қаң, 2022 сағат 20:30

Australian Open: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды


Қазақстанның 1-ші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бублик екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, франциялық Гаэль Монфиспен кездесті. 

Қазақстандық теннисші қарсыласын 2020 жылғы Франция ашық чемпионатында ұтқан болатын. 

Бұл жолы алғашқы екі партияда Бубликтің ойыны жүрмей, жиі қателесті - 1:6, 0:6. 

Үшінші сетте қарсыласып баққанмен, жеңіс Монфистің еншісінде кетті - 6:4. 

Франциялық спортшы үшінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринмен шеберлік байқасады. 

Г.Монфис 1 сағат 29 минутқа созылған кездесуде 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. А.Бублик 4 эйспен ғана шектеліп, 4 брейк-пойнттан еш нәтиже шығара алмады. 

Ол өткен жылы да Аустралия ашық чемпионатында екінші айналымнан аса алмаған еді. 

Осылайша аталмыш біріншілікте жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.