Әуе компанияларының жылдық табысы 41%-ға төмендеді, жолаушылар тасымалы қызметі 6%-ға арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі былтырғымен салыстырғанда 19,6 млрд теңгеге - 40,8%-ға азайды. Оның ішінде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 17,9 млрд теңге болса, жүк тасымалынан 1,7 млрд теңге кіріс кірген. Былтыр қаңтарда кіріс 33,1 млрд теңге болып, жылына 31,3%-ға артқан еді.
Биыл қаңтарда елімізде 592,1 мың адам тасымалданды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14,1%-ға аз. Жолаушылар айналымы жылына 38,7%-ға қысқарып, 845,7 млн жолаушы-шақырым болды.