11 там, 2021 сағат 12:20

Аудит: 139 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды


Аудит арқылы 1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылғы 7 айдың ішінде камералдық бақылаумен сомасы 4,9 трлн теңгеге 583 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 17 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері ереже бұзушылықтарды жою туралы 16,5 мың хабарламаны орындады. 1 978 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1 трлн 340 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 139 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 90 млрд теңгеге талаптарды бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 775 ұсыным берілді.