Төтенше жағдайлар министрлігі бір тәулік ішінде 814 адам, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.