Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
6 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады.
Қостанай қаласында күндіз 6 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.
6 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Көкшетау қаласында бұл күні таңертең және күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Сондай-ақ, 6 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.