Атырауда Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушылар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 наурыз күні Атырау халықаралық әуежайына Ыстанбұлдан чартерлік рейс келіп қонды. Оның бортында 63 адам болды, оның ішінде экипаж мүшелері - 6. Коронавирус анықталған 1989 жылғы жолаушымен бірге Қазақстанның әр облысының тұрғындары болған.
Атап айтқанда, 57 жолаушы ішінде Атырау облысынан - 30, Көкшетаудан - 3, Оралдан - 7, Қостанайдан - 2, Ақтөбеден - 3, Шымкенттен - 5, Қызылордадан - 1, Нұр-Сұлтаннан - 1, Қарағандыдан - 1, Жамбыл облысынан - 2, Тараздан - 1, Ақтаудан 1 жолаушы болды», - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінде.
Қазіргі уақытта елге оралғандардың барлығы карантинде. Олардан коронавирустың бар-жоқтығын анықтайтын сынама алынған. Нәтижесі жақында белгілі болады.
Вирус жұқтырған әйел облыстық №2 ауруханаға жатқызылды.