10 қар, 2022 сағат 16:14

Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде газ тапшылығы туындады


Атыраудағы жанармай бекетінде газ тапшылығы туындады. Бұл туралы "Мой город" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты газ беру 35 пайызға азайған.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстары кезінде күніне 90 тонна газ берді, 6 қарашадан бері бұл көрсеткіш 60 тонна болды. Бұл жанармай құю станциясында газ тапшылығын тудырды", - делінген хабарламада.

Жағдайды тұрақтандыру үшін Ақтөбе облысынан газ жеткізу жоспарланып жатыр.

Әлеуметтік желілерде жанармай құю бекеттерінде түсірілген видео жарияланды.