видеодан алынған кадр
Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жағаұстатар жайт болды. Келушілердің бірі дөрекілік танытып, оқиғаның арты дауға ұласқан, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбадан жас жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, бұл жайтқа қатысты полиция басқармасына қоңырау түскен. Онда белгісіз адамдар қалалық Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айқайласа бастағаны айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікірдің туындауына әкеліп соққан. Арты дау-дамайға ұласқан.
Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты қажетті құжаттарды жинақтап, діни басқармаға жолдаған. Одан әрі аталған мәселе әкімшілік сотта қаралмақ.