фото: Azh.kz
Атыраудағы атыста үш адам мерт болды және бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап тұр. Атыстың себебін анықталып жатыр.