Атырауда болған жол апатынан зардап шеккендер белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.
Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі.
Әлеуметтік желілерден белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Осыған дейін Атырау облысында автобустың жүк көлігімен соқтығысқандығы хабарланды.