20 жел, 2022 сағат 13:56

Атырауда жаяу жүргіншіні мерт қылған мас жүргізуші ұсталды

Фото: Polisia.kz

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі 52а үй тұсында 48 жастағы ер адамды маркасы және мемлекеттік нөмірі белгісіз көлік құралы қағып, ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалған. Алған дене жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.

"Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін анықтады. Жүргізушісі 34 жастағы азаматтың көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.

Аталған факт бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен қылмыстық істі тіркеді. Жедел тергеу тобы тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды" - делінген хабарламада.