08 шіл, 2022 сағат 11:42

Атырауда жасөспірім тепловоз астына түсіп қаза тапты


Атырауда Ақжайық пен Теңдік станциялары арасында 17 жастағы жасөспірім тепловоздың астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 6 шілдеде болған. Колледж студенті теміржолды кесіп өтіп бара жатқан, машинист жылдамдықты азайта бастаған, бірақ үлгермеген. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімі ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеуін бастады.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.