16 нау, 2022 сағат 10:53

Атырауда үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Фото: Azh.kz

Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін жарақаттаған күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, атыс 15 наурыз сағат 22:10 шамасында болған. Атырау қаласының «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдама маңында тапаншадан атылған оқтан 27 және 23 жастағы екі жігіт қаза тапқан. Ал, 1995 жылғы азамат ауруханаға жеткізілген. 

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы атыс болған жерде тергеу жүргізу кезінде тағы бір адамның мүрдесін тапқан. Тексеру кезінде оның 27 жастағы ер адам екені анықталды. 

«Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде Маңғыстау облысының 1993 жылғы тумасын ұстады. Атысқа азаматтардың арасында туындаған өзара келіспеушілік себеп болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.