Атырауда өрт шыққан "Гаухартас" тұрғын үй кешені тұрғындары өртсөндірушілерді салғырттық танытты деп айыптады. Тұрғындар айтуынша, олар өрт орнынан ерте кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Атыраудағы "Гаухартас" кешенінде сегіз үй өртенген. Өрт сөндіруге 50 адам қатысты. Өрт екі сағаттан кейін, біраз пәтер өртеніп кеткеннен кейін тоқтатылған. Зардап шеккендер жергілікті ТЖД қызметкерлерін оқиға орнынан ерте кетті деп айыптайды.
"Біз өртсөндірушілерден шатырды қарауын сұрадық. Олар бізді тыңдамай, бірден кетіп қалды. Осының кесірінен бір-екі сағаттан кейін өрт қайта өршіді", - дейді тұрғын Айгүл Өтепова.