25 жел, 2018 сағат 20:22

Атырауда өлкенің балық саласына келтірілген шығындар бағаланды

Атырауда өлкенің балық саласына келтірілген шығындар бағаланды, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жайық өзенінде мұз қатпай тұрып 4 тонна 165 келі өлі балық жиналды. Келтірілген залал есептелді - 4 миллион 208 мың теңге. Перетаск тармағынан 1 тонна 304 келі балық жиналды. Залал құны 1 млн 254 мың теңгені құрайды. Залал бойынша анықтама қылмыстық іс қозғау үшін ІІД-ге берілді», - деп xабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов Балықтардың жаппай қырылуын тергеу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында.

Еске салайық, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды.