Фото:gov.kz
Атыраулық құтқарушылар кілттеніп қалған көліктен бір жарым жасар баланы шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтем жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 25 тамыз сағат 8.28-де Атырау қаласы, Геолог ықшамауданы, Ермұханов көшесі мекенжайында болған. ТЖД-ға автокөлік ішінде бір жасар бала кілттеніп қалғандығы туралы хабарлама түскен.
"Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар 1,5 жастағы бала автокөлікте кілттеніп қалғандығын анықтады. Көліктің жанында баланың анасы болды. Құтқарушылар баланың анасынан уайымдамауын өтініп, көлікті қарап, авариялық-құтқару құралдары көмегімен салонның есігін ашты.
Бала аман-есен анасына тапсырылды. Жағдайы жақсы болғандықтан медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.