Атырауда көлігімен итті сүйреген жүргізуші ұсталды.
Әлеуметтік желіде итті сүйреген көлік туралы видео тарады. Оқыс оқиға Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында болған.
«Аталған дерекке байланысты Атырау қаласында тұратын автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.