Фото: ptzgovorit.ru
Атырауда ер адам елдің көзінше суицид жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Ер адамның әрекетін көргендер ол есірткі затын қолданған деген пікірде.
"Бұл факті бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы жасалады. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.