Атырау қаласына ҚР Діністері және азаматтық қоғам министрлігі Діністері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы іс-сапармен болды. Сапар барысында ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жан жақты түсіндіру мақсатында өңірдегі діни бірлестік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен жиын өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, «Приход Собора Успения Божией Матери Уральской Епархии» шіркеуінің басшысы М.Соколов, Римдік-католиктік Атырау Апостол Әкімшілігінің Апостол әкімшісі Б.Дариуш, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Ақпарат» қоғамдық ұйымының директоры Г.Елешова, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.Адиева және басқа дадіни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағыттар қойылған, осы мақсатта жұмыла шешілетін міндеттерді өзара бірлікте атқару өте маңызды. «Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат. Президент өзініңҚазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін қажетті міндеттерді нық сеніммен атап көрсетті. Осы Жолдауды біз ықыласпен қабылдаймыз, оның міндеттерін жүзеге асыруда күшіміз бен үлесімізді қосамыз», - деді Комитет төрағасы Е.Оңғарбаев.
Сонымен қатар, жиын барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің талқыланудағы «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» Заң жобасындағы бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде ой қозғалды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға дәйекті жауаптар берілді.