Фото: Polisia.kz
Атырауда екі қайық соқтығысып, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атырау облысы ПД мәліметінше, 3 шілде сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде қайықтар соқтығысқан. Олар өзенде адамдарды серуендету қызметін атқарған.
"Біреуінде 10 адам отырса, екінші қайықта 25 адам болған. Әртүрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.