Атырауда кәріз құбырынан нәресте табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сәрсенбі күні «Авангард» ықшамауданында тұрғындардың бірі кәріз құбырынан жаңа туған сәбиді тапты. Шақалақ облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кувезге жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 119 бап, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл бап бойынша жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа тарту не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырауда кәріз құбырынан нәресте табылып, медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын жазған болатынбыз.