10 қар, 2025 сағат 14:22

Атырауда боди-массаж клиенттің өліміне әкелді



Фото: yandex.kz

Атырауда 30 жастағы клиентін өлтірді деп айыпталған боди-массажистке қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ult.kz Atyrau OIL редакциясына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға олардың арасында жеке қабылдау кезінде туындаған жанжалдан кейін болған.

Оқиға әйел клиенттерді қабылдайтын пәтерде орын алған. Әйел мен ер адамның арасында жеке келіспеушіліктер негізінде жанжал шығып, сол сәтте әйел ер адамға пышақ жарақатын салған. Жарақат салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғадан кейін әйел жедел жәрдем шақырған, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, әйелді ұстады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс «Адам өлтіру» бабымен тіркелді. Тергеу барысында сараптамалар, жауап алу, тергеу эксперименттері және өзге де процессуалдық іс-шаралар жүргізілді.

Қазір тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды. Алдағы уақытта сот процесі басталып, онда айыптау мен қорғау тараптарының уәждері тыңдалып, куәгерлердің жауабы мен барлық дәлелдер қаралады.