10 қаң, 2020 сағат 11:00

Атырауда батареяны жұтып қойған бір жасар сәби көз жұмды

Атырауда теледидар пультінің батареясын жұтып қойған бір жасар сәбидің өмірін құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби ауыр жағдайда түскен. Ол қиналып дем алған. Баланың қандай да бір затты жұтып қойғаны анықталды. Дәрігерлер оны отасыз әдіспен шығармақ болған. Өкінішке орай, жұтып қойған заты үлкендеу болғандықтан, ол әдіс көмектеспеген. Отаның да көмегі тимеді. 11 айлық нәрестенің тыныс алуы нашарлап, жүрек ақауынан көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жұтып қойған заты батарея екенін анықтады.