Атырауда жалға алынған пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Пәтерді бір ай бұрын жалға берілгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 шілде күні сағат 19:30 шамасында 64 жастағы тұрғын полицияға шағым түсірген.
«Атырау қаласының тұрғыны 1992 жылы туған қызының пәтер есігін ашпай жатқанын жеткізіп, мекенжайын айтқан. Көрсетілген мекенжайдағы ішінен кілттеулі тұрған пәтердің есігін ашу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылды. Сол кезде пәтердің ішінен 1992 жылғы әйел мен 1996 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен тергеу амалын жүргізуді бастады.
Қайтыс болғандардың ерлі-зайыпты екені анықталды. Ерлі-зайыптылардың ортақ төрт баласы бар.
Аталған пәтерді 1992 жылғы әйел бір ай бұрын жалға алған