Атырау облысында 5 шетелдік көліктің иесі 18-сериялы «сары нөмір» алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «сары нөмір» бес шетелдік көлікке берілген. Оның арасында үш армяндық, бір ресейлік және беларусьтік автокөлік бар. Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы Өтеғалиұлының айтуынша, көлікті уақытша тіркеу мерзімі ресми түрде аяқталды.
«Статистикалық мәліметке сәйкес, Атырау облысының аумағына Армения мен Ресейден 6 мыңнан 8 мыңға дейін көлік кіргізілген» - дейді М. Өтеғалиұлы.