05 нау, 2019 сағат 09:10

Атырауда "2GIS" іске қосылды

Тегін қосымшаға 9 мыңнан аса қаланың әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және бизнес нысандары кірді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында "2GIS" ақпараттық орталығының коммерциялық директоры Тимур Файзуллин және тұтынушылармен жұмыс бойынша директордың орынбасары Әли Мұсағалиев мәлімдеді.

- Мобильді қосымша ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылды. Біздің қызметкерлер ұйымдар туралы ақпартты жинап, оларды біріңғай картаға енгізеді. Қаламыздың өсіп, дамып, шағын және орта кәсіп нысандарының көбейіп жатқанын ескеру керек. Сондықтан, әр ай сайын өзгерістер енгізіліп отыратын болады. Барлық ақпарат тегін орналастырылады,- дейді Тимур Файзуллин.

Спикерлердің айтуынша, "2GIS" қосымшасының Атыраудағы филиалында 10 қызметкер жұмыс істейді, қаланы толық білу үшін оларға 4 ай қажет болды.

- Сондай-ақ, мобильді қосымшада қалалық қоғамдық көліктің қозғалысындағы 23 маршруттың бағыты енгізілген. Бұл да нақты сан емес, жаңартуға сай саны да өседі. Қосымша офлайн режимінде жұмыс істейтіні маңызды емес - қажетті мекен-жай немесе мекемені ғаламторға қосылмай-ақ табуға болады,- дейді Әли Мұсағалиев.