Фото: ашық дереккөз
Атырау қаласында 23 жастағы фельдшерді атып өлтіргендер қолға түсті. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлайды.
Қайғылы оқиға қала сыртындағы Химиктер кентінде түнде болған. Алдымен бір топ азаматтың арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Кейін достары сол маңда тұратын фельдшер Азамат Асылбекұлын көмекке шақырған. Ол жеткен сәтте қақтығыс күшейіп, төбелеске қатысқандардың бірі тапаншамен оқ атып, жас жігіт сол жерде қаза тапқан.
Полиция атыс болған аумақты қоршауға алды. Тергеу барысында төбелеске қатысқан барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.
Марқұм жуырда ғана шаңырақ көтергені белгілі болды.
