26 сәу, 2023 сағат 21:42

23 жастағы Атырау тұрғыны көпірден секіріп кетті


Атыраулық полицейлер көпірден секірген 23 жастағы азаматшаны құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 сәуір сағат 15:48 шамасында Жедел басқару орталығы қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған қызды байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген.

Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылы туған қызды полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов пен Мұратбек Белекен қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген.

Полицейлер судың қатты ағысына қарамастан, қызды 7 минут ішінде құтқарған. Кейін ол ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.