Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 2 наурызда сағат 23:30 шамасында болған.
«16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап, қайтыс болды», - делінген ақпаратта.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Ал облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнара Садуақасова марқұм болған жамсөспірім қай мектептің оқушысы екенін әлі анықталмағынын айтты.