27 сәу, 2020 сағат 11:23

Атырауда 1,5 мың тонна дизель мен 400 тонна мазутты заңсыз сатқан тұрғын сотталды

Атырау облысында 1,5 мың тонна дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құжаты жоқ 1,5 мың тонна қысқы дизель отыны мен 400 тонна мазутты заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

Жылыой аудандық сотының үкімімен Атырау қаласының тұрғыны ҚР ҚК 197-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.