Көрнекі фото: pixabay.com
Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 қарашада Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 жылы туған қала тұрғынын анықтаған.
"Мекен-жай бойынша тексеру кезінде 996 дана әсері қатты түрлі психотропты дәрілер, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балығы мен еш жерде тіркелмеген атыс қаруы, сондай-ақ полителен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді.
Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды" - делінген хабарламада.