ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру шаралары кезінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Төтенше жағдай кезінде Атырау қаласында біп топ адам жалпы құны 313 млн теңге болатын 1 млн медициналық масканы сатумен айналысқан. Алайда, олардың қолында масканың заңды жасалғанын дәлелдейтін құжат болмаған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі комитеті медициналық маска мен антисептикалық заттарды сату кезінде негізсіз бағаны көтеру фактілеріне куә болсаңыз, мына сенім телефонына 8 (7172) 70-84-78 немесе Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайына хабарласуды өтінеді.