30 жел, 2020 сағат 12:05

Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген

Атырау тұрғыны көлікке шананы байлап, қызын сүйреген, - деп хабарлайды "Мой город".

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 желтоқсанда түнгі сағат 01:07-де болған. Осы уақытта қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасын тексеру кезінде көлікті байқаған. 

"Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Полиция қызметкерлері "Хюндай Туксон" көлігін тоқтатты. Оған шана байланыпты. Оның үстінде 22 жастағы қыз отырған. 2000 жылы туған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.