08 қар, 2019 сағат 11:34

Атырау тұрғыны 120 келі бекіре тұқымдас балықпен ұсталды

Атырауда 32 жастағы азамат бекіре тұқымдас балықпен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2019 жылдың 3 қарашасының сағат 21.30-да «Бекіре» профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысы Полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, Баймұханов көшесінде, 32-жастағы Атырау облысы, Исатай ауданы тұрғынының басқаруындағы«Lada Granta» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жалпы салмағы 120 келіден астам 45 дана бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді», - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жүргізушінің үйінде тінту жүргізу кезінде торлар мен «Байда» жүзу құралын тапқан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабымен «Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.