Атырауда тұрғындар көшедегі өткір иіске шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Мой ГОРОД"басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, кеше сағат 18.00-ден бастап бірте-бірте қаланың барлық ауданын түтін басқан. Мұның себебі қамыстың өртенуі болған. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департменті өртсөндірушілер өрт сөндірумен айналысып жатқанын хабарлады.
"Сағат 9:12-де Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде, Каспий теңізі жағалауында, "Ақжайық" РМК аумағында қамыс өртенді. Жану аумағы - 85 гектар. Төтенше жағдайлар департменті күші "Ақ Жайық" РМК қызметкерлерімен бірлесіп, 80 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды, - деді ведомство өкілі.
Өртсөндірушілер жел екпіні қатты болған соң жанған қамысты сөндіру қиын болып жатқанын жеткізген. Бірақ елді мекендерге таралу қаупі туындамаған.