Фото: Polisia.kz
Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"16 маусымда сағат 07:30 шамасында Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен 39, 39, 35 және 33 жастағы төрт адамнан құралған қылмыстық топты анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілердің бәрі - Құрманғазы ауданының тұрғындары. Олар аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған.
"Тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен екі пышақ тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
видео: Polisia.kz