18 қаз, 2023 сағат 15:58

Атырау облысында өзенге батқан көліктен екі адам өлі табылды

t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік ізі барын хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. 

Көлік ішінен 1971 жылы туған және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі табылды. Марқұмдарда дене жарақаты анықталған жоқ" - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бейнекамераға 16 қазан түнгі сағат 23:18 шамасында аталған автокөліктің жоғары жылдамдықпен Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған.

Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.