06 қаң, 2023 сағат 14:10

Атырау облысында футбол матчынан кейін жас жігітті өлтіріп кетті

© Public Domain

Атырау облысында футбол матчында болған жанжалдан кейін жас жігітті пышақтап кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан caspiannews.kz порталына сілтеме жасап.

Жолдастық матч Сағыз ауылында өткен. Сол кезде ойыншылар сөзге келіп, жанжал туындаған. Ал далаға шыққасын төбелес басталған. Бір адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Тағы біреуін пышақтап кеткен. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Жас жігіт жақында ғана әскерден келген.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 24 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеуге алынды.

Айта кетері, бұл қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.