06 нау, 2022 сағат 18:01

Атырау облысында екі күн қатарынан ешкім коронавирус жұқтырған жоқ


Атырау облысында екі күн қатарынан коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4-5 наурызда қауіпті вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. 

«Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдығушылар саны азайып, эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Бұған соңғы екі тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан науқастардың тіркелмегені дәлел бола алды. Қазір 151 адам үй жағдайында, ал, 21 науқас модульдік аурухананың инфекциялық стационарында ем алып жатыр. Өңірдің 2 360 орындық инфекциялық стационарындағы жүктеме – 0,9%. Ал, 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде 2 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Бұл бөлімдегі жүктеме 1,9%-ды құрайды. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып жатқан науқастар жоқ», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.