26 қыр, 2019 сағат 19:01

Атырау облысында алып сүйек табылды

Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан алып сүйек табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алып сүйекті Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев есімді азамат Жайық өзенінен тауып алыпты. Салмағы 26 кг болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғандығына қарағанда ұзындығы 1 метр шамасында», деп хабарлады аудандық газет тілшілері.

Айта кетелік, әлеуметтік желідегі таралған «УАЗ» автокөлігіне сүйеулі тұрған бұл алып тоқпан жілік көпті елең еткізді.