Атырау облысында әлі де 200 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірде медициналық нысандарды жаңарту мәселесі шешімін тауып келеді. Былтыр бұл салада 2 нысан іске қосылды. Тағы 12 ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.
«Дәрігер жетіспеушілігі мәселесі әлі күнге толық шешімін таппады. Былтыр өңірге 130 дәрігер-маман келді. Әлі де 200 маман жетіспейді. Осыған орай биыл кадр тапшылығын жою үшін медициналық білім беретін жоғары оқу орындарына 110 грант бөлу жоспарланды», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуде құжаттар қабылдануда. Қазіргі уақытта медицина саласының 89 қызметкері баспаналы болды.