Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымын Мейірім Қалауи атқаратын болды.
Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК бастаған.
2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалында директордың орынбасары - бас редактор қызметтерін атқарған.
2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК директоры болған. 2012-2016 жылдары Атырау облысының Жастар ісі жөніндегі басқармасын басқарды.
2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ, Nur Otan (Amanat) партиясының Jas Otan Жастар қанатының Атырау облыстық филиалының хатшысы қызметін атқарған.
2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.