22 мау, 2022 сағат 17:26

Атбасарда өзен жағасынан әйелдің бөлшектелген денесі табылды


Ақмола облысының Атбасар ауданында әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп өзенге тастаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 21-інде Атбасар ауданының аумағында «Жабай» өзенінің бөгетінен адам денесінің бөліктері табылды. 

«Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел іздестіру жүргізіліп, бір тәулік ішінде әйелдің жеке басы анықталды, сонымен бірге күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», - деді ведомстводан. 

Айта кетсек, бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда өзен жағасындағы қамыстың арасынан бөлшектелген әйелдің денесі табылғаны айтылған. Оны жергілікті тұрғындар хабарлаған.